Рождество қарсаңында жүк көлігінің жүргізушілері көмек сұрады
Жел 26, 2020 15:18 Asia/Almaty
Рождество қарсаңында британ-француз шекарасындағы Довер дарбазасының артында жүк көлігімен қалып қойған жүргізушілер өз жағдайларына назар аудару үшін жол конустарымен жерге «көмек» сөзін жазды. Бұл жүргізушілер бірнеше тәулік бойы коронавирус тестін өту кезегін күтті. Франция мен Ұлыбритания арасындағы келісімге сәйкес, Ұлыбританиядан Франция мен Еуропаға кіргісі келетін жүк көлігінің жүргізушілері 72 сағаттан кешіктірілмей жасалған коронавирус тестінің «теріс» нәтижесін көрсетуі керек.