Ирандық шабуылдаушы Португалия футбол лигасының ең үздік шабуылдаушысы атанды
Қаң 14, 2021 12:38 Asia/Almaty
Порту футбол командасының ирандық шабуылдаушысы Португалия футбол лигасыныны бір айдағы ең үздік шабуылдаушысы атанды.
Португалия Премьер-лигасын ұйымдастырушылар 2020 жылғы желтоқсан айының ең үздік шабуылдаушысы жүлдесін ирандық ойынша Мехди Торамиге табыс етті. Сондай-ақ, Мехди Торами Португалия Премьер-лигасы тарапынан осы лиганың 13-ші аптасының таңдамалы командасының құрамына кірді. Торами осы кезеңде Порту командасының пайдасына 6 гол соғып, алаңға шыққан сайын жақсы ойын көрсетті.
Португалия Премьер-лигасының ай сайынғы үздік ойыншылары жанкүйерлердің тікелей дауыс беруімен анықталады.