Дүниежүзілік архитектура ұйымның 36-шы кезеңінің жүлдесі ирандық жобаға берілді
Қаң 14, 2021 16:39 Asia/Almaty
Систан мен Белуджистандағы бір ауыл үшін жасалған оқу ғимаратының жобасы қазылар алқасы мен таңдаулылардың көзқарасы бойынша World Architecture Awards 36-шы кезеңінің жүлдесін жеңіп алды.
Жоба авторы Мохсен Мусави: «Бұл жоба қаражат аз жұмсалатын және табиғатпен үйлесім тапқан үлгі болуы үшін климаттық ерекшеліктер, халықты мәдениеттендіру және оқыту тәсілдерін назарға ала отырып жасалған»,-деді.
Иранның солтүстігіндегі Мазандеран университетінің архитектура факультеті ғылымы кеңесінің мүшесі: «Бұл жобаны күн қуаты мен жарығын максималды жинақтап, қолданатын базаға айналдыруға болады»,-деді.