Бангладеште мыңдаған Рохинья босқындарының лагері өртенді
Қаң 15, 2021 13:24 Asia/Almaty
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі (UNHCR) кеше таңертең 3500-ге жуық адамға тиесілі 550-ден астам баспананың, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымға тиесілі 150 дүкен мен орталықтың өрттің салдарынан толық немесе жартылай қирағанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ондаған жылдар тұрған лагерьден бетон арқалықтар мен бірнеше ағаштың қалдықтарынан басқа ешнәрсе қалмады.




