Иранның Еуразияға экспорты 30 пайызға артты
Қаң 17, 2021 19:38 Asia/Almaty
Иранның сауданы дамыту ұйымы өз есебінде елдің Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге экспортының 30 пайызға артқанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің жексенбі күні хабарлауынша, өткен бір жылда құн жағынан 30 пайыздық өсім байқалды, соның нәтижесінде осы одақпен арадағы коммерциялық тапшылық 241 млн долларға жақсарды.
Иран Еуразия экономикалық одағына 2 млн 863 мың тонна тауар экспорттады, оның құны 1 млрд 91 млн доллардан асады.
Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше 5 елмен сауда айналымы өткен бір жылда 3 млрд 419 млн долларды құрады. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға өскен.