Тәжікстан өзінің әскери қуатын Қазақстан берген құрал-жабдықтармен арттырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49938-Тәжікстан_өзінің_әскери_қуатын_Қазақстан_берген_құрал_жабдықтармен_арттырады
Қазақстан Тәжікстанның қорғаныс қуатын нығайту мақсатында осы елге тегін әскери құрал-жабдықтар береді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2021 20:43 Asia/Almaty
  • Тәжікстан өзінің әскери қуатын Қазақстан берген құрал-жабдықтармен арттырады

Қазақстан Тәжікстанның қорғаныс қуатын нығайту мақсатында осы елге тегін әскери құрал-жабдықтар береді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін бұл құжат екі елдің парламенттеріне ратификациялануға жіберіледі.

Осы құжатты орындауға жауапты органдар – Тәжікстан мен Қазақстанның қорғаныс министрліктері.

Қазақстанның әскери-техникалық құралдары Тәжікстанға теміржол арқылы жіберіледі.

Қазақстанның оқ-дәрілер, инжеренерлік, медициналық және коммуникациялық құрал-жабдықтардан тұратын  соңғы әскери көмегі 2019 жылы Тәжікстанға жөнелтілген болатын.

Қазақстан биыл әлемнің 138 елі арасында әскери қуат тұрғысынан 62 орында тұр. Бұл елдің қорғаныс саласына бөлетін бюджеті 4 млрд доллар деп есептелді.