Қалибаф: Байден үкіметі санкцияларды жою туралы ойлануы керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50076-Қалибаф_Байден_үкіметі_санкцияларды_жою_туралы_ойлануы_керек
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ-тың жаңа үкіметі өз міндеттемелерін орындауға алғышарт қоюдың орнына санкцияларды қалай жоятыны және өзінің заңды міндеттемелерін қалай орындайтыны жайлы ойлануы керек",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2021 16:25 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ-тың жаңа үкіметі өз міндеттемелерін орындауға алғышарт қоюдың орнына санкцияларды қалай жоятыны және өзінің заңды міндеттемелерін қалай орындайтыны жайлы ойлануы керек",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін Иран халқы мен әлемнің әділетсүюшілерін "Фаджр" онкүндігінің басталуымен құттықтап: "Ислам революциясы баянды әрі белсенді",-деді.

Қалибаф, сондай-ақ, АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысының жуырдағы сөздеріне реакциясында: "Егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сенсе, шарт қоюдың орнына іс жүзінде ядролық келісімге беріктігін көрсетсін. Иран халқы бұл келісімге қатысты жағдайды жақсы біледі, сондықтан енді бос уәдеге сеніп, құйтырқы ойынға аяқ баспайды",-деді.