Иран Телерадио бірлестігі Asiavision-2020 ақпарат фестивалінде жарқырай көрінді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50106-Иран_Телерадио_бірлестігі_asiavision_2020_ақпарат_фестивалінде_жарқырай_көрінді
Иран Телерадио бірлестігінің Азия мен Океания елдері телерадио одағының ақпарат фестиваліне жіберген ақпараттық туындылары үздік жүлделерге ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 01, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігі Asiavision-2020 ақпарат фестивалінде жарқырай көрінді

Иран Телерадио бірлестігінің Азия мен Океания елдері телерадио одағының ақпарат фестиваліне жіберген ақпараттық туындылары үздік жүлделерге ие болды.

Азия мен Океания елдері телерадио одағының Asiavision-2020 ақпарат фестиваліне мыңға жуық хабар жіберілген. Қазылар алқасы 100 үздік жаңалықты таңдап, 7 негізгі аталымда жеңімпаздарды анықтап, жүлделер тапсырды.

Иран Телерадио бірлестігі «Шұғыл хабар тарату» аталымы бойынша үздік атанды, сондай-ақ «ең үздік ақпараттық репортаж» және «ең үздік ақпараттық видео» аталымдарында жүлдеге үміткер деп жарияланды.

ABU-дың Asivision-2020 ақпарат фестивалі 27 қаңтарда онлайн форматта өтті.