Иран Телерадио бірлестігі Asiavision-2020 ақпарат фестивалінде жарқырай көрінді
Ақп 01, 2021 19:10 Asia/Almaty
Иран Телерадио бірлестігінің Азия мен Океания елдері телерадио одағының ақпарат фестиваліне жіберген ақпараттық туындылары үздік жүлделерге ие болды.
Азия мен Океания елдері телерадио одағының Asiavision-2020 ақпарат фестиваліне мыңға жуық хабар жіберілген. Қазылар алқасы 100 үздік жаңалықты таңдап, 7 негізгі аталымда жеңімпаздарды анықтап, жүлделер тапсырды.
Иран Телерадио бірлестігі «Шұғыл хабар тарату» аталымы бойынша үздік атанды, сондай-ақ «ең үздік ақпараттық репортаж» және «ең үздік ақпараттық видео» аталымдарында жүлдеге үміткер деп жарияланды.
ABU-дың Asivision-2020 ақпарат фестивалі 27 қаңтарда онлайн форматта өтті.