Зариф: АҚШ өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік болуы тиіс
Ақп 04, 2021 13:05 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Халықаралық әділет сотының АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларына қатысты істе бұл елдің қарсы дәлелдерін қабылдамауын Иранның тағы бір құқықтық жеңісі деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Халықаралық әділет соты Иран тарапынан АҚШ-тың заңсыз санкцияларына қатысты қозғалған істе АҚШ-тың қарсы дәлелдерін түгел қабылдамай тастады. Бұл – 2018 жылы 3 қазаннан кейінгі Иранның тағы бір құқықтық жеңісі»,-деп жазды.
Зариф: «Иран әрдайым халықаралық заңдарға толық құрмет көрсетіп келеді. АҚШ-қа өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік болатын кез келді»,-деді.