Иран Мәжілісі төрағасы Ресейге аттанады
Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф ертең, 7 ақпанда Ресейге сапармен аттанады.
ИИР-ның Ресейдегі елшісі Казем Джалали РИА Новостиге берген сұхбатында: «Дума төрағасы Вячеслав Володинның шақыруымен Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф жоғары лауазымды делегацияны бастап, ақпанның 7-9 аралығында Мәскеуге сапар шегеді. Қалибафтың Мәскеу сапары Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы болып сайланғаннан кейінгі бірінші шетелдік сапары болып, оның көршілес әрі дос мемлекет Ресеймен қатынас орнатуды маңызы санайтынын білдіреді»,- деді.