Иран Мәжілісі төрағасы Ресейге аттанады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50228-Иран_Мәжілісі_төрағасы_Ресейге_аттанады
Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф ертең, 7 ақпанда Ресейге сапармен аттанады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 06, 2021 17:08 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі төрағасы Ресейге аттанады

Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф ертең, 7 ақпанда Ресейге сапармен аттанады.

                                                                                                                                    ИИР-ның Ресейдегі елшісі Казем Джалали РИА Новостиге берген сұхбатында: «Дума төрағасы Вячеслав Володинның шақыруымен Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф жоғары лауазымды делегацияны бастап, ақпанның 7-9 аралығында Мәскеуге сапар шегеді. Қалибафтың Мәскеу сапары Иран Ислам кеңісі мәжілісінің төрағасы болып сайланғаннан кейінгі бірінші шетелдік сапары  болып, оның көршілес әрі дос мемлекет Ресеймен қатынас орнатуды маңызы санайтынын білдіреді»,- деді.