БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Теһранға келді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50260-БҰҰ_ның_Йемен_істері_жөніндегі_өкілі_Теһранға_келді
БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Мартин Гриффитс Иран басшыларымен кеңесу үшін Теһранға келді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2021 19:36 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Теһранға келді

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Мартин Гриффитс Иран басшыларымен кеңесу үшін Теһранға келді.

Аймақтың қазіргі жағдайында бұл сапардың маңызы қандай?

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде сенбі күні Мартин Гриффитстің Теһранға сапары қарсаңында АҚШ басшыларының Йеменге қатысты жуырдағы сөздеріне реакциясында: «Сауд Арабиясы бастаған коалицияға қару-жарақ сатпау және оны қолдамау бір саяси айла болмаған жағдайда өткен қателіктерді жөндеу жолында оң қадам бола алады»,-деп еске салды.

Хатибзаде: «Бұл мәселемен Йеменнің қиындығы шешіле қалмайды. Осы елді әуе, теңіз және құрлықта қоршауды доғарып, Сауд Арабиясы бастаған басқыншы елдердің Йеменге әскери шабуылдарын тоқтату керек. Қоршауға алынғалы бері Йемендегі мыңдаған адам азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығынан жан тапсырды»,-деді.

ИИР БҰҰ-ның осы саладағы шараларын және Йемендегі соғысты тоқтату үшін аймақ елдерінің әріптестігін қолдайды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1398 жылы 21 меһрде Пәкістанның Премьер-министрі Имран Ханмен кездесуінде: «ИИР Йемен соғысын тоқтату үшін 4 баптан тұратын жоба ұсынды. Егер бұл соғыс дұрыс жолмен тоқтатылатын болса, аймаққа оңды әсер ететін болады»,-деді.

Теһранның Йеменде бейбітшілік орнатуға бағытталған жобасының 4 бабы мыналар: атысты тоқтату бітімін орнату және шетелдік әскери шабуылдарды шұғыл түрде тоқтату;  Йемен халқына тез арада гуманитарлық көмек жіберу; Йеменнің барлық саяси партиялары мен әлеуметтік топтарының қатысуымен ұлттық диалог өткізу және жалпыұлттық үкімет құру.

Йеменге қарсы соғыс ашқан коалиция бұл соғыс созылған сайын өздеріне келетін зиянның көбірек болатынын түсінеді. Йемен қарсыласу қозғалысының Aramco мұнай кешеніне шабуылдары саудиялықтардың көзқарастарын өзгертуге әсер етті.  

Батыс Азия істері жөніндегі сарапшы Хасан Ханизаде Сауд режимі басқыншыларынан 6 жыл қорғанғаннан кейінгі Йеменнің қазіргі жағдайына тоқталып: «Йеменнің жағдайын саяси және әскери тұрғыдан талқылауға болады. Әскери тұрғыдан бұл елде қазір күрделі жағдай қалыптасқан. Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменнің оңтүстігін басып алу жолында бәсекелестігі бұл елдің жағдайын ушықтырып жіберді. Бірақ қалай болғанда да Сауд Арабиясы Йемендегі соғыста саяси және әскери тұрғыдан жеңіліске ұшырады»,-деді.

Жалпы бүгінде Йеменге қатысты екі маңызды жайтты атауға болады:

Біріншісі, басқыншы тарап – Сауд Арабиясы мен соғысты қолдаушылар. Сондықтан соғысты тоқтату қоршауды алып тастау және шабуылдарды доғарумен жүзеге асырылмайды.  

Екіншісі – Йемендегі қорғансыз халықтың тағдыры, балалар мен әйелдердің жазықсыз өлтірілуі және елдің қиратылуы. БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі жоғары комиссиясының кеңсесі жуырда мәлімдеме таратып, Йеменге таңылған соғыста 233000 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Йемендегі 6 жылдық соғыста мектептер, ауруханалар мен инфрақұрылымдық нысандар қиратылып, 2 млн-ға жуық адам босып кетті.