Қалибаф Ислам революциясы жетекшісінің жолдауын Ресей үкіметіне табыстады
Ақп 08, 2021 18:29 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ислам революциясы жетекшісінің Ресей Президенті Владимир Путинге арнаған жолдауын бүгін, дүйсенбі өзінің ресейлік әріптесі Вячеслав Володинге табыстады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф осы кездесуде: «Ислам революциясы жетекшісінің Ресей үкіметіне жолдауы екі елдің стратегиялық қарым-қатынасы аясында жазылған»,-деді.
Қалибаф: «Өзінің Ресейге сапарының маңызды мақсаттарының бірі – әлемдегі өзгерістерге қарамастан Теһран-Мәскеу қатынасының өзгермейтінін баса айту».-деді.