Иран Мәжілісі төрағасының Мәскеудегі кездесулері
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50296-Иран_Мәжілісі_төрағасының_Мәскеудегі_кездесулері
Иран Ислам кеңесі мәжлісінің төрағасы: «Егер 21 ақпаннан санкциялардың күші жойылмаса, Иран АҚХА-мен ынтымақтастығына шектеу қояды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 09, 2021 11:57 Asia/Almaty

Иран Ислам кеңесі мәжлісінің төрағасы: «Егер 21 ақпаннан санкциялардың күші жойылмаса, Иран АҚХА-мен ынтымақтастығына шектеу қояды»,- деді.

 

Қалибаф Мәскеудегі ресейлік ирантанушы және ғалымдарымен кездесуінде: «Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, біз АҚШ барлық санкцияларды толығымен алып тастап,   өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, келісімге қайта оралуға дайынбыз»,- деп мәлімдеді. Ислам кеңесі мәжлісінің төрағасы Ресей Думасының басшысымен кездесіп, Теһран-Мәскеу арасындағы стартегиялық қатынасты нығайту жөніндегі Ислам революциясы жетекшісінің Ресей Президентіне  арнаған жолдауын тапсырды.