Польшада толассыз жауған қар елді төтенше жағдайға әкелді
Ақп 09, 2021 13:53 Asia/Almaty
Дүйсенбі күні таңертеңнен бастап бүкіл Польша қардан аппақ болды.
Польшаның метеорологиялық агенттігі қар жауып, ауа температурасының төмендеуін екі аптаға созылатынын болжап, елдің түпкір-түкпіріне ескерту жасап, азаматтарды үйлерінен тек маңызды жұмыстар үшін ғана шығуға шақырды. Температура минус 11 градусқа дейін төмендеген Польша астанасы Варшавада қар, жел және бұрқасын қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтатты.