Пелоси: Сужүрек республикашылдар Трамптың ақталуына себеп болды
АҚШ Өкілдер палатасының төрайымы кейбір республикашылдардың Сенат сотында осы елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың сотталуына қарсы дауыс бергеніне реакциясында: «Сужүрек республикашылдардың бір тобы Трамптың ақталуына себеп болды»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нэнси Пелоси АҚШ Конгресінде: «Сенбі күні Сенатта бір топ қорқақ республикашылға куә болдық. Оларда басқа амал қалмаған сыңайлы. Олар өз істерін қорғауға да қорқады»,-деді.
Ақырында АҚШ-тың Сенат палатасында Трамқа импичмент жариялау туралы сот отырысында алқабилер соты ретінде ант берген 57 сенатор Трампты айыпты деп тапты, ал 43 сенатор қарсы дауыс берді.
Трампқа импичмент жариялау үшін 67 сенатор оны қылмысты деп тауып, оң дауыс беруі керек болатын.