Еуроодақ Парламенті Қазақстандағы адам құқығының жағдайы туралы қарар қабылдады
Еуроодақ Парламенті жуырда Қазақстандағы адам құқығы жағдайының ауырлығы туралы қарар бекітті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы қарарға сәйкес бұл елде саяси бәсеке мен оппозиция жоқ. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Парламентаралық ассамблеясы мен демократия және адам құқығын қорғау ұйымдарының кеңсесі шығарған нәтиже бойынша, Қазақстандағы заң және құқықтық жағдай халықаралық стандарттарға сай сайлау өткізуге әлі қолайлы емес.
Еуроодақ Парламентінің мәлімдеуінше, өткен жылы қаңтар мен шілде айларында 7 журналист соққыға жығылып, 20-дан аса журналист пен белсенді блогер қамауға алынған.
Еуроодақ Парламенті Нұр-Сұлтан үкіметінен халықаралық міндеттемелеріне берік болып, журналистер, адам құқығын қорғаушылар, қоғамдық ұйымдар мен оппозициялық қозғалыстардың өкілдерін қамауға алып, басып-жаншып, азаптауды доғаруды сұрады.