Трамптың ақталуы және оның салдарлары
АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп Сенат палатасында өзіне қатысты екінші сот отырысында ақталып шықты.
Сенат палатасында дауыс беру кезінде 57 сенатор, соның ішінде 7 республикашыл сенатор Трамты айыпты деп, 43 сенатор айыпты емес деп дауыс берді. Трампты айыпты деп табу үшін 67 оң дауыс қажет болатын. Ақырында АҚШ-тың бұрынғы басшысы Өкілдер палатасы таққан айыптардан ақталып шықты. Бұған қарамастан, Трампқа қарсы импичмент жариялау мәселесінің көтерілуі және оған қарсы сот ісінің жүргізілуінің АҚШ үшін салдары болмақ.
Көптеген айыпқа қарамастан, Трамптың ақталып шығуы АҚШ-та бір президент, тіпті бұрынғы президентті соттаудың қаншалықты ауыр екенін көрсетті. Мұнымен қоса, Трампқа екінші рет импичмент жариялауға талпынуАҚШ-та жаңа үрдіс бастады. Бұдан былай АҚШ-та бұрынғы, қазіргі және болашақ президенттер Конгресс тарапынан сотқа тартыла алады.
Басқа жағынан жауапты органдар 2020 жылы сайлаудың дұрыс өткенін растағанымен Трамптың кейбір жақтастары оны заң бұзушылыққа толы сайлау санайды. Сенатта Трамп ақталып шықса да, оған қарсы кейбір адамдар оны айыпты санайды. Мұндай үдерістің жалғасуы АҚШ-та заңды мекемелер, соның ішінде сайлау комитеті мен сот органына қоғамдық сенімді азайтады.
Мұнымен қоса, Республикашылдар партиясында Трамп пен оның жақтастарының орны нығая түскен сайын партиядан шығушылар саны көбейеді, ақырында бұл партия демократтар алдында әлсірейді. Сондай-ақ Республикашылдар партиясында ішкі қайшылықтар күшейген сайын АҚШ-та Трампқа наразы күштерді тартуды көздейтін оңшыл партиялардың нығаюына жағдай жасалады.
Басқа жағынан Трамп Сенатта ақталғаннан кейін АҚШ-та әсіре оңшыл ағымдардың жағдайы жақсара түседі және біртіндеп бұл ағым Республикашылдар партиясының ішіндегі және АҚШ саясатындағы ұстамдыларды шетке ысырып, қоғамды одан ары ыдырата түседі.