Иран мен Ресей кемелері теңіз нысандарына оқ атты
«Иран-Ресей-2021» теңіз қауіпсіздігі жаттығуларының бірінші кезеңі екі елдің кемелерінің теңіздегі алдын-ала белгіленген екі нысанаға оқ атудан басталды.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, бүгін, сейсенбі таңертең Үнді мұхитының солтүстігіне қарай жылжып келе жатқан Иран мен Ресейдің кемелері жаттығудың бірінші кезеңін өткізді. Жаттығудың бұл кезеңінде ирандық «Джамаран» эсминецтің пәрменімен ирандық және ресейлік сүңгуір кемелертүрлі қару-жарақпен теңіздегі алдын-ала белгіленген нысандарға оқ жаудырды. Жаттығудың келесі кезеңінде «PHOTOEX» операциясы өткізілді және жаттығуларға қатысатын бөлімшелер аймақтағы қауіп-қатерлерге сәйкес дайындалады. Жаттығудың барлық кезеңдері Иранның әскери-теңіз күштерінің тікұшақтарының бақылауымен жүзеге асырылады.