Иран мен Ресей жаттығуларының жолдауы - аймақтағы бейбітшілікті, достықты және қауіпсіздікті нығайту
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50480-Иран_мен_Ресей_жаттығуларының_жолдауы_аймақтағы_бейбітшілікті_достықты_және_қауіпсіздікті_нығайту
Иран мен Ресейдің «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021» бірлескен жаттығуы бүгін, сейсенбі таңертең Солтүстік Үнді мұхиты мен Оман теңізінде басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 16, 2021 17:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей жаттығуларының жолдауы - аймақтағы бейбітшілікті, достықты және қауіпсіздікті нығайту

Иран мен Ресейдің «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021» бірлескен жаттығуы бүгін, сейсенбі таңертең Солтүстік Үнді мұхиты мен Оман теңізінде басталды.

Бұл екі күндік жаттығу   қандай мақсаттармен өткізілуде және оның маңызы не?

Үнді мұхитындағы кеме қатынасы желілерінің толық қауіпсіздігі әлемдік сахнадағы экономикалық мүдделердің сақталуына кепілдік береді. «Теңіз саудасының қауіпсіздігі үшін теңіздегі ұжымдық ынтымақтастық» ұранымен  17000 км аумақта өтіп жатқан Иран мен Ресейдің «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021»  деп аталған бірлескен жаттығуының маңыздылығы да осы негізде бағаланады. Басқа елдермен бірлескен жаттығулар өткізу - Иранның аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту стратегияларының бірі. Осыған байланысты Иран Оман теңізі мен Үнді мұхитында бірнеше жаттығулар өткізді. Әлемнің стратегиялық теңіз  аймақтары аймақтық экономикаларымен, сондай-ақ жаһандық экономикамен тығыз байланысты.  Сондықтан ИИР теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілікті ескере отырып,  әскери-теңіз күштерінің   жаттығулар түріндегі дайындығын арттырды. Сондықтан бұл жаттығуды өткізудің маңыздылығының екі тұрғысын атап кетуге болады. Біріншіден,  аймақтық серіктестіктермен қауіпсіздік ымыраға келу.  Осыған орай, өткен жылдың желтоқсан айында ерекше және бұрын-соңды болмаған  Иран, Ресей және Қытайдың бірлескен әскери-теңіз жаттығуы Чабахардағы Шәһид Бехешти атындағы портында өткізілді. Бұл жаттығудың маңыздылығының екінші тұрғысы теңіз сауда қауіпсіздігінің бетпе-бет келетін қоқан-лоққыларына қарсы тактикалық және шабуыл операцияларын қамтитын қорғаныс дайындықты жақсарту.