Бішкекте қырғыз шекарашылары жиналады
Орталық Азия республикалары шекара мен этникалық алауыздықтар жалғасуда және бұл елдерде халық наразылықтары әртүрлі формада өтуде.
Осыған байланысты Қырғызстанның шекаралас аймақтарының кейбір тұрғындары Бішкектегі премьер-министр кеңсесінің алдына жиналып, президенттен шекара мәселелерін шешуді талап етті. Наразылық білдірген қырғыздар: «Көрші елдер «аумақтық экспансионистік саясатты» жүргізіп, қырғыз шекара тұрғындарына зиян келтіріп отыр»,- деп уәжденді. Қырғыз халқы Бішкек басшыларына өз талаптарын бұл елдің Президенті Садыр Жапаров Мәскеуге сапар шегу үшін карантинге кеткен жағдайда қойып отыр. Алайда көптеген сарапшылар Жапаровтың президенттігі кезінде Қырғызстанның басқа көршілес Орталық Азия республикаларымен шекарадағы проблемаларын шешу мүмкіндігін жоққа шығарады. Мысалы, Орталық Азия бойынша тәжік сарапшысы Хорамов: ««Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты жою, шенеуніктермен отбасылық байланысын тоқтату және елді экономикалық дағдарыстан шығару жөніндегі жоспарларын жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Қырғызстан мен көрші елдер арасындағы даулар мен шекара проблемалары жаңа тақырып емес. Бірақ бұл жолы Қырғызстан халқы аумақтық экспансия сияқты маңызды мәселені алдыңғы талаптары реінде көтерді», - деді. Орталық Азия республикаларының территориялық және шекаралық даулары Кеңес одағының шешімдер қабылдау жүйесі кезінен басталды. Орталық Азия аймағына Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан кіреді. Орта Азия аймағының елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтен отыз жылда шекара проблемаларына байланысты бұл республикалар арасындағы қатынастар әрдайым өзгеріп отырды. Діл осы тақырып аймақтық және аймақтан тыс державалардың Орталық Азияға біржақты араласуына сылтау болды. Қорыта айтқанда, Еуразияның қақ ортасында орналасқан Орталық Азия сырт көзге тыныш болып көрінеді. Бірақ стратегиялық мәселелер сарапшыларының пікірінше, Кеңес Одағынан қалған шекара және этникалық қайшылықтар бұл аймақты кез-келген сәтте атқылап кетуі мүмкін тыныш жатқан жанартауға айналдырды.