Иран бензинінің үшінші партиясы Венесуэлаға жетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50578-Иран_бензинінің_үшінші_партиясы_Венесуэлаға_жетті
«Tanker Trackers» компаниясы Твиттердегі жеке парақшасында Иран бензинінің үшінші партиясының Венесуэлаға жеткізілгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 21, 2021 16:18 Asia/Almaty
  • Иран бензинінің үшінші партиясы Венесуэлаға жетті

«Tanker Trackers» компаниясы Твиттердегі жеке парақшасында Иран бензинінің үшінші партиясының Венесуэлаға жеткізілгенін хабарлады.

Мұнай және басқа тауарларды таситын танкерлердің қозғалысын бақылайтын «Tanker Trackers» компаниясы жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Иранның Венесуэлаға тағы да бензин жеткізгенін хабарлады.

44 млн литрден аса бензин Венесуэлаға жіберілді. «Forest» танкері – Иран бензинін Венесуэлаға жеткізген үшінші танкер.

Венесуэла соңғы жылдарда АҚШ пен оның одақтастарының біржақты санкциялары мен қысымдарына ұшырап отыр.