Хатибзаде: Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертеңнен бастап тоқтатылады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран мен АХҚА арасында болған келісім Мәжіліс қаулысының аясында жасалды. Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертең, 23 ақпаннан бастап тоқтатылады»,-деді.
Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз конференциясында АХҚА-ның бас директоры Рафаэль Гроссидің Теһранға сапары, үш айлық келісіммен тексерістерді жалғастыру және алдын ала жоспарламай тексеру туралы сөздеріне қатысты сауалдарға жауап беріп: «Осы сапар барысында Иран мен АХҚА арасында жасалған келісімдер Иранның Атом қуаты ұйымы үшін маңызды дипломатиялық және техникалық жетістіктер болып саналады»,-деді.
Хатибзаде: «Гроссидің Иранға сапары біздің АҚШ-қа берген мұрсатымыз емес. Келісімдер Иран Мәжілісінің қаулысы аясында жасалды. Қосымша протоколды ерікті түрде орындау 23 ақпаннанн бастап тоқтатылады. Агенттіктің кейбір бақылаулары кепілдендіру келісімі аясында тағы үш айға созылатын болды»,-деді.