Хатибзаде: Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертеңнен бастап тоқтатылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50600-Хатибзаде_Қосымша_протоколды_ерікті_түрде_орындау_ертеңнен_бастап_тоқтатылады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран мен АХҚА арасында болған келісім Мәжіліс қаулысының аясында жасалды. Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертең, 23 ақпаннан бастап тоқтатылады»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 22, 2021 14:04 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертеңнен бастап тоқтатылады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран мен АХҚА арасында болған келісім Мәжіліс қаулысының аясында жасалды. Қосымша протоколды ерікті түрде орындау ертең, 23 ақпаннан бастап тоқтатылады»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз конференциясында АХҚА-ның бас директоры Рафаэль Гроссидің Теһранға сапары, үш айлық келісіммен тексерістерді жалғастыру және алдын ала жоспарламай тексеру туралы сөздеріне қатысты сауалдарға жауап беріп: «Осы сапар барысында Иран мен АХҚА арасында жасалған келісімдер Иранның Атом қуаты ұйымы үшін маңызды дипломатиялық және техникалық жетістіктер болып саналады»,-деді.

Хатибзаде: «Гроссидің Иранға сапары біздің АҚШ-қа берген мұрсатымыз емес. Келісімдер Иран Мәжілісінің қаулысы аясында жасалды. Қосымша протоколды ерікті түрде орындау 23 ақпаннанн бастап тоқтатылады. Агенттіктің кейбір бақылаулары кепілдендіру келісімі аясында тағы үш айға созылатын болды»,-деді.