Армения Премьер-министрі елде әскери төңкеріске талпыныс жасалғанын айтты
Ақп 25, 2021 14:04 Asia/Almaty
Арменияның әскери басшылары ел Премьер-министрінің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін Николь Пашинян әскерилер төңкеріс жасауға талпынды деп жариялап, өз жақтастарын осыған жауап ретінде шеруге шығуға шақырды.
Армения Премьер-министрі ел Қарулы күштерінің ортақ штабы басшысын қызметтен босатқаннан кейін Facebook-тегі өз парақшасында: «Мен Қарулы күштерінің ортақ штабы басшысының мәлімдемесін төңкеріске талпыныс деп санаймын. Барлық жақтастарымды Ереванның «Республика» алаңына шығып, жиын өткізуге шақырамын»,-деп жазды.
Армения халқы бұл ел Қарабақ соғысында жеңіліс тапқаннан кейін Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр.