Армения Премьер-министрі елде әскери төңкеріске талпыныс жасалғанын айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50672-Армения_Премьер_министрі_елде_әскери_төңкеріске_талпыныс_жасалғанын_айтты
Арменияның әскери басшылары ел Премьер-министрінің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін Николь Пашинян әскерилер төңкеріс жасауға талпынды деп жариялап, өз жақтастарын осыған жауап ретінде шеруге шығуға шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 25, 2021 14:04 Asia/Almaty

Арменияның әскери басшылары ел Премьер-министрінің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін Николь Пашинян әскерилер төңкеріс жасауға талпынды деп жариялап, өз жақтастарын осыған жауап ретінде шеруге шығуға шақырды.

Армения Премьер-министрі ел Қарулы күштерінің ортақ штабы басшысын қызметтен босатқаннан кейін Facebook-тегі өз парақшасында: «Мен Қарулы күштерінің ортақ штабы басшысының мәлімдемесін төңкеріске талпыныс деп санаймын. Барлық жақтастарымды Ереванның «Республика» алаңына шығып, жиын өткізуге шақырамын»,-деп жазды.

Армения халқы бұл ел Қарабақ соғысында жеңіліс тапқаннан кейін Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр.