Иранның Еуразия Одағына мүше болуы - Одақтың кеңеюіндегі бетбұрыс кезең
Қазақстанның саяси сарапшысы Иранның Еуразия Одағына мүше болып енуін бұл Одақтың кеңеюіндегі бетбұрыс кезең деп атады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның экономикалық мәселелер сарапшысы Болат Ноғалиев Иранның Еуразия Экономикалық Одағына (ЕЭО) мүше болып енуінің артықшылықтары туралы: «Ирандағы өнеркәсіптің қарқынды дамуы және инвестицияға деген қажеттілігіне байланысты бұл елдің ЕЭО мүше болуы екі жақ үшін де пайдалы. Иран Ресей және Армениямен бірге Еуразиялық электр дәлізінің қалыптасуына қатысады және Ресей-Грузия-Армения-Иран энергетикалық дәлізінің көмегімен елдер көршілес Таяу Шығыс елдерімен электр энергиясын айырбастай алады. Посткеңестік кеңістіктен тыс елдің ЕЭО-қа мүше болуы Одақтың дамуындағы бетбұрыс болып, ұйымды басқа елдер үшін тартымды алаңға айналдырады»,- деді.