Террористік әрекеттердің Орталық Азияға көшуі туралы ескерту жасалды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Біріккен штабының қолбасшысы террористік әрекеттердің Ауғанстаннан Орталық Азияға көшуін ескертті.
ҰҚШҰ Біріккен штабының виртуалды өткен отырысында Анатолий Сидоров аймақтық қауіпсіздік қатерлері туралы айта отырып: «Орталық Азиядағы негізгі проблемалардың бірі Ауғанстаннан есірткі тасымалдау және сол елдегі содырлардың әрекеті»,- деді. ҰҚШҰ Біріккен штабының қолбасшысы Кабулдағы ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы және Ауғанстандағы есірткі өндірісі мен оның заңсыз тасмалдануына тоқталып: «Коронавируспен күрес аясында әлеуметтік-экономикалық жағдай есірткі контрабандасымен айналысатындарға есірткінің көлемін ұлғайтуға көмектесуде»,- деп мәлімдеді.
ҰҚШҰ 1992 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Грузияның қатысуымен құрылды.