Калифорния штатының Комптон қаласында өрт болды
Ақп 28, 2021 10:19 Asia/Almaty
Куәлердің айтуынша, Калифорния штатының Лос-Анжелес ауданындағы Комптон қаласында тозақ отындай алапат өрт болды. Өрт өнеркәсіптік паллеттерден басталып, олардың жанына тұрған автобустарға таралған. Соның салдарынан 10 автобус, соның ішінде бірнеше мектеп автобусы өртеніп кетті.