АҚШ консерваторларының жыл сайынғы конференциясында Трамптың алтын мүсінінің тұсауы кесілді
Ақп 28, 2021 11:55 Asia/Almaty
Bloomberg тілшісі АҚШ консерваторларының конференциясын ұйымдастырушылар жайлы видео таратты. Видеода олар АҚШ-тың бұрынғы президентінің алтын мүсінін көтеріп бара жатыр. Оның артынан осы мүсінге реакция білдірген адамның «Қызық!», «Керемет!» деген дауысы естілді. Басқалар күліп, бір адам «Тағы бір төрт жыл!» деп ұрандатты. Бұл Трамп жақтастарының екінші сайлауалды науқаны кезіндегі сүйікті ұраны еді.