YouTube-те ресейлік С400 жүйені құлата алатын АҚШ дроны көрсетілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50900-youtube_те_ресейлік_С400_жүйені_құлата_алатын_АҚШ_дроны_көрсетілді
Әлемдегі ең ірі әскери өнеркәсіп компаниясы және бас мердігері Пентагон саналатын американдық Lockheed Martin компаниясы, өзінің YouTube-те видеосында Speed ​​Racer дронын көрсетіп: «Бұл дрон ресейлік С400 жүйесін құлата алады»,- деп жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 06, 2021 17:02 Asia/Almaty

Әлемдегі ең ірі әскери өнеркәсіп компаниясы және бас мердігері Пентагон саналатын американдық Lockheed Martin компаниясы, өзінің YouTube-те видеосында Speed ​​Racer дронын көрсетіп: «Бұл дрон ресейлік С400 жүйесін құлата алады»,- деп жариялады.

 «Спутник» хабар агенттігінің  хабарлауынша, «Popular Mechanics» журналы Speed ​​Racer-ді Lockheed Martin-тің Skunk Works құпия бөлімі сандық егіз технологиясын қолданып жасады. Журнал видеодағы өнім туралы: «Бұл не қанатты зымыран түріндегі ұшқышсыз ұшақ, не дрон түріндегі қанатты зымыран», - деп жазды.