АҚШ-та 55 млн кедей адам бар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i50916-АҚШ_та_55_млн_кедей_адам_бар
MSNBC News арнасы АҚШ-та 55 млн азаматтың кедейлікте өмір сүріп жатқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 07, 2021 14:06 Asia/Almaty

MSNBC News арнасы АҚШ-та 55 млн азаматтың кедейлікте өмір сүріп жатқанын хабарлады.

MSNBC News арнасының тележүргізушісі: "АҚШ-та республикашылдар демократияны жоюға күш салып жатқанда Вашингтон басшылары елде қалыптасқан аянышты жағдайға көңіл аударуы тиіс. Кейбір статистикалық мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы 6 азаматтың бірінің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. АҚШ-тың кейбір өңірлерінде кешкі асқа тамақ болар-болмасын білмейтін адамдар бар. Бұл елдегі 40 млн-нан аса пәтер жалдаушы пәтер ақысын төлей алмай, үйден қуылу қаупіне ұшырап отыр",-деді.