Ресейдегі ең үлкен Камчатка жанартауы атқылады
Нау 10, 2021 16:08 Asia/Almaty
Ресейдің Камчаткасында ең үлкен жанартау оянып, күл мен от шашуды бастады. Камчатка жанартаулары - Ресейдегі Камчатка түбегінде орналасқан жанартаулардың үлкен тобы. Түбекте 300-ден астам жанартау анықталды, оның 29-ы қазіргі уақытта белсенді. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген осы жанартаулардың ішіндегі ең үлкені - биіктігі 3528 метр болатын Кроноцкая Сопка немесе Кроноцкий жанартауы.