Адам құқығы кеңесіндегі Иранға қарсы мәлімдеме – БҰҰ органдарын құрал ретінде пайдалану
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51004-Адам_құқығы_кеңесіндегі_Иранға_қарсы_мәлімдеме_БҰҰ_органдарын_құрал_ретінде_пайдалану
10 жылдан астам уақыт ішінде өзара әрекеттесу диалог механизмі адам құқығы тақырыбына байланысты Иранға қарсы уәждерді тарататын орынға айналды. Бұл механизм алдын-ала белгіленген мақсаттарға жетуді көздейтін әрі біржақты болғандықтан ешбір жағдайда адам құқықтарын ілгерілетуге ешқандай қызмет ете алмайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 10, 2021 18:29 Asia/Almaty
  • Адам құқығы кеңесіндегі Иранға қарсы мәлімдеме – БҰҰ органдарын құрал ретінде пайдалану

10 жылдан астам уақыт ішінде өзара әрекеттесу диалог механизмі адам құқығы тақырыбына байланысты Иранға қарсы уәждерді тарататын орынға айналды. Бұл механизм алдын-ала белгіленген мақсаттарға жетуді көздейтін әрі біржақты болғандықтан ешбір жағдайда адам құқықтарын ілгерілетуге ешқандай қызмет ете алмайды.

 

Женевадағы Иранның елшісі және тұрақты өкілі Исмаил Бақаи Хамане   сейсенбі күні адам құқығы кеңесінің 46-шы сессиясында сөйлеген сөзінде осы фактілерге тоқталып, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының Ирандағы адам құқықтарының жағдайы жөніндегі әділетсіз және бұрмаланған мәлімдемесіні қатты сынға алды.   Ол ирандық әйелдерді екінші дәрежелі азаматтар деп атады деген мәлімдемеге байланысты олардың ғылыми, әлеуметтік және басқарушылық деңгейлерде қол жеткізген жетістіктерге сілтеме жасар: «Ирандағы әйелдер екінші дәрежелі азаматтар емес және ел халқының жартысын екінші дәрежелі азаматтар деп атауға болмайды»,- деп қуаттады. Батыстың адам құқығы тақырыбына қатысты Иранға қарсы мәлімдемесінде ескеретін кейбір жайттар бар. Олардың бірі – тапсырыс берілген осындай мәлімдемедегі саяси және дұшпандық мәселенің жасырылуы. Негізінде, егер соңғы жылдары АҚШ халқына қарсы жасалған зорлық-зомбылық пен Еуропа мен Американың қалалары куә болған нәсілшілдік әрекеттердің бірнешеуі басқа елдерде орын алғанда, ондаған қарарлар бекітіліп, санкциялар енгізілетін еді. Алайда Батыстағы адам құқығының бұзылуы туралы ешбір мәлімдеме жасалмады. Адам құқықтары туралы уәжденушілер ал АҚШ-тың санкциялары Иран халқының өмір сүруіне және физикалық және психикалық денсаулығына көптеген қауіптер тудырған жағдайда, Ирандағы адам құқығының бұзылуына алаңдаушылық білдіруде. Қазіргі кезде әлем өлімге әкелетін Covid-19 індетіне қарсы вакцинасын жасау және тарату сатысына жеткен жағдайда, Иранға қарсы санкциялар бұл елге дәрі-дірмек пен    вакцинаның  келуіне көптеген көптеген өқиындықтар тудырып отыр. Ал санкциялардың салдарынан денсаулығынан айырылатындардың құқықтары туралы ешбір жеке адам, мекеме немесе үкімет алаңдамайды.