АҚШ Конгресіне бомба қойды деген күдікті жайлы жаңа видео таралды
Нау 12, 2021 13:17 Asia/Almaty
АҚШ-тың федералдық полициясы Вашингтонда Конгресс ғимаратына шабуылдан бір күн бұрын Демократтар және Республикашылдар партияларының штабтарына бомба қойды деген күдікті адамның суреттерін жариялады.
Independent газетінің сайты: «АҚШ-тың федералдық полициясы бомба қойған адам жайлы мағлұмат алу шін 100 мың доллар сыйақы тағайындады. Алайда 2 айға жуық уақыт өтсе де, күдікті адам әлі ұсталмады»,-деп жазды.