Тахтраванчи: Санкциялардың салдары терроризм мен соғыс қылмысының салдарындай
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51038-Тахтраванчи_Санкциялардың_салдары_терроризм_мен_соғыс_қылмысының_салдарындай
Иран БҰҰ-дағы өкілі: «Санкциялардың ұзақ мерзімді ауқымды әрі бүлдіргі салдарлары терроризмдей қатігез, антигуманистік қылмыс пен соғыс қылмысындай ауыр»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2021 16:00 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: Санкциялардың салдары терроризм мен соғыс қылмысының салдарындай

Иран БҰҰ-дағы өкілі: «Санкциялардың ұзақ мерзімді ауқымды әрі бүлдіргі салдарлары терроризмдей қатігез, антигуманистік қылмыс пен соғыс қылмысындай ауыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Қақтығыстар кезіндегі аштық және қуаңшылық» тақырыбындағы отырысында: «Әлемде азық-түлік тапшылығы қаупімен күресу үшін қоршаулар мен санкцияларды жойып, халықаралық әріптестікті нығайту керек»,-деді.

Иран БҰҰ-дағы өкілі: «Әлем елдері басқа үкіметтерге қысым жасау үшін саяси-экономикалық жазалау құралдарын пайдаланбауы тиіс. БҰҰ азық-түлік тапшылығы қаупімен күресу үшін түбегейлі шара ретінде санкцияларды тез арада жоюды назарға алуы керек»,-деді.