Тахтраванчи: Санкциялардың салдары терроризм мен соғыс қылмысының салдарындай
Иран БҰҰ-дағы өкілі: «Санкциялардың ұзақ мерзімді ауқымды әрі бүлдіргі салдарлары терроризмдей қатігез, антигуманистік қылмыс пен соғыс қылмысындай ауыр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Қақтығыстар кезіндегі аштық және қуаңшылық» тақырыбындағы отырысында: «Әлемде азық-түлік тапшылығы қаупімен күресу үшін қоршаулар мен санкцияларды жойып, халықаралық әріптестікті нығайту керек»,-деді.
Иран БҰҰ-дағы өкілі: «Әлем елдері басқа үкіметтерге қысым жасау үшін саяси-экономикалық жазалау құралдарын пайдаланбауы тиіс. БҰҰ азық-түлік тапшылығы қаупімен күресу үшін түбегейлі шара ретінде санкцияларды тез арада жоюды назарға алуы керек»,-деді.