АҚШ-та қарлы боран болды
Нау 15, 2021 10:11 Asia/Almaty
АҚШ-тың Роки таулары мен батыстағы орман алқаптарының бір бөлігінде қатты боран болды.
Қалың қармен қатар жүрген бұл дауыл жексенбі күні Денвер әуежайының ісін тоқтатып, көлік жүргізушілерді әбігерге салып, маңызды күре жолдардың жабылуына себеп болды. Дүйсенбі күні Денвер қаласы мен оның айналасындағы аудандарда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы жоқ барлық мемлекеттік мекемелер жабылды.