АҚШ соты Бен Салманға қарсы іс қозғады
(last modified Sun, 21 Mar 2021 16:27:34 GMT )
Нау 21, 2021 22:27 Asia/Almaty
  • АҚШ соты Бен Салманға қарсы іс қозғады

АҚШ сотының бірі саудиялық тақ мұрагеріне Сауд үкіметін сынаған бұл елдің журналисті Джамал Хашоқджидің өлтірілуіне қатысты іс қозғады.

Қазіргі Араб әлеміндегі демократия ұйымы  Хашоқджидің қалыңдығы Хадидже Чангиспен бірге, Колумбия федералды сотында шыққан сот іс қағазын Бен Салманға жеткізе алды.  Хашоқджи өлтірілген соң   Трамп үкіметі АҚШ-тың экономикалық және стратегиялық мүдделері үшін Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның аталмыш сыншы журналисті өлтірудегі рөлін қасақана ескермеуге талпынды. Бірақ демократ президент Джо Байденнің үкіметі Сауд Арабиясының адам құқығы жағдайын, оның ішінде Хашоөджидің өлтірілуін сынады. 26 ақпанда жарияланған АҚШ барлау қызметінің есебінде Мұхаммед бен Салманның Стамбулда Джамал Хашоқджиді ұстау немесе өлтіру әрекетті растағаны туралы айтылды. Бұл мәлімдемеде әрекеттің Сауд Арабиясы  ханзадасының тікелей бұйрығымен және оның оққағарлары мен басты кеңесшісінің ынтымақтастығымен жасалғаны көрсетілді. Байден мен оның үкіметінің аға мүшелері алғашқы кезде Хашоқджидің өлтірілуін қатаң айыптағанымен, қазіргі кезде саяси, экономикалық және стратегиялық мәселелер Байден үкіметін бен Салманға қарсы шара қолданудан бас тартуға мәжбүр етті. Бұл екіжүзді ұстаным Байденнің адам құқығын қорғау саласындағы екіжүзділігін көрсетеді. Трамп үкіметіндегі Пентагонның аға кеңесшісі Дуглас Макгрегор: «Байден Салманды адам өлтіруші деп атамайды, себебі оған рұқсат жоқ», - деді. Байден сәрсенбі күні (17 наурызда) ABC-ге берген сұхбатында Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасын адам өлтіруші деп санамайтынын, өйткені Сауд Арабиясы АҚШ-тың одақтасы екеніне тоқталды. Байден сонымен қатар Сауд Арабиясының Вашингтон күткен «істер тізімін» дайындап жатқанын айтты.

Пентагонның бұрынғы сарапшысы Пьер Спрей: «Мен Вашингтонның  Риядқа қойған талаптар тізімінде біріншіден бізден қару-жарақ сатып алуды жалғастыру туралы айтылғанына сенімдімін», - деді. Сондай-ақ, Байден үкіметі саудиялық коалицияның Йемендегі қатыгез соғысына байланысты Сауд Арабиясына қару-жарақ жіберуді уақытша тоқтатқанымен, бұл шектеулер тек шабуыл жасайтын қаруларға қатысты. Байден үкіметінің адам құқығы туралы мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ-тың Сауд режиміне қару-жарақ сатудан түсетін қаржылық пайдасы және стратегиялық мүдделері Мұхаммад бен Салманға қарсы ұстаным білдіруге кедергі болады. Бұл тақырып саудиялықтардың АҚШ-тың қару-жарақ нарығындағы үлесін ескерген кезде мағына табады. Сауд Арабиясы АҚШ-тың жалпы қару-жарақ экспортының шамамен 25 пайызын сатып алады.

 

Тегтер