Вьетнамда жыланның терісін тірідей алып тастайды
Вьетнамдағы кейбір фермерлер жыландарды ұстап, тірідей олардың денелерін үрлеп, терісін алып тастайды.
Жануарлар құқығы институты зерттеулері нәтижесі Вьетнамдағы кейбір фермерлердің қолтырауындар мен жыландардың терісін алу үшін тірі кезінде олардың терісінің астына ауа жіберетінін көрсетті. Содан соң бұл терілер әлемнің түпкір-түпкіріне сатылады. Бұл ұйымның өкілі: «Вьетнамда дүниежүзілік былғары өнеркәсібін жылан терісімен қамтамасыз ететін жылан фермасы бар. Бұл жерде жыландар азап шегуде»,- деді.