Ұлыбританияда Ислам пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды көрсету мұсылмандардың наразылығын тудырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51378-Ұлыбританияда_Ислам_пайғамбарына_тіл_тигізетін_карикатураларды_көрсету_мұсылмандардың_наразылығын_тудырды
Ұлыбританияның батысындағы мектептердің біріндегі Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураны көрсету осы елдің мұсылмандарының ашуы мен наразылығын туғызды. Сонымен қатар бұл хабар ақпарат құралдарында кеңінен таралып, мұғалімнің жұмысы тоқтатылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2021 15:30 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда Ислам пайғамбарына тіл тигізетін    карикатураларды көрсету мұсылмандардың наразылығын тудырды

Ұлыбританияның батысындағы мектептердің біріндегі Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураны көрсету осы елдің мұсылмандарының ашуы мен наразылығын туғызды. Сонымен қатар бұл хабар ақпарат құралдарында кеңінен таралып, мұғалімнің жұмысы тоқтатылды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл әрекетке наразылық білдірген ондаған мұсылман кеше Йоркширдегі Батли мектебінің алдына жиналып, исламофобияның таралуына қарсы ұрандар айтты. Олар сондай-ақ құқық бұзушы мұғалімді жұмыстан шығаруды талап етті. Мұсылмандардың наразылықтары Батли мектебінің кеше кешірек ашылуына және  наразылық білдірушілерден кешірім сұрауына себеп болды. Бұл мәлімдемеде құқық бұзған мұғалімнің жұмыстан шығарылып, оның әрекетінің тексерілетіні туралы айтылды.