Солтүстік-Оңтүстік дәлізі – Суэц каналының орнын алмастыра алатын басты таңдау жолы
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі транзиттік тасымал уақытын 20 күнге дейін азайтып, жол шығынын 30 пайызға дейін үнемдейтіндіктен Суэц каналының орнын алмастыра алатын басты таңдау жолы болып отыр.
Соңғы бірнеше күнде Суэц каналы жабылып, әлем экономикасына күніне 9 млрд доллар залал келуі теңіз саудасына қатысты пікірталас тудырды.
163 шақырымды құрайтын Суэц каналы Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді бір-біріне жалғап жатыр. Әлемдегі теңіз тасымалының 10-12 пайызы осы канал арқылы жүзеге асырылады. Каналдан күніне ондаған кеме өтеді. Олар Африканы айналмай-ақ Еуропадан Азияға және кері бағытта қатынайды.
Халықаралық саудада маңызды қажетіліктердің бірі – тауарлардың қаупі аз бағытта тасымалданатына сенімділік.
Жылдамдық, жеңілдік және қауіпсіздік – тауар тасымалы мен саудада шешуші рөл ойнайтын үш фактор.
Иранның оңтүстігіндегі стратегиялық маңызы бар Микран мен Чабаһар жағалаулары Солтүстік-Оңтүстік дәлізінде тауар тасымалдау шығынын азайта алады. 7200 шақырымды құрайтын Солтүстік-Оңтүстік дәлізі осы жобаға қатысушыларға айтарлықтай артықшылық береді. Басқа тасымал жолдары, соның ішінде Суэц каналымен салыстырғандағы артықшылықтардың бірі – түрлі тасымал түрлерін пайдалану арқылы тауар тасымалдау уақытын екі есе азайту.
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі аралас бағыт – су, тас және темір жолды пайдалану арқылы Еуразия аймағында тауар тасымалы мен сауда-саттықты жылдамдату мен жеңілдетуге себеп болады. Сондықтан тауар тасымалының артып келе жатқан қажеттіліктерінің бір бөлігін өтей алады. Солтүстік-Оңтүстік дәлізі іске қосылса, Суэц каналының да жүгі жеңілдейді. Осы әлеуетті назарға ала отырып, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі транзиттік тасымал саласында Суэц каналының орнын алмастыра алатын басты таңдау жолы деп айтуға болады.