Зариф Қазақстанға Иранның ядролық келіссөздеріндегі рөлі үшін алғыс айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51484-Зариф_Қазақстанға_Иранның_ядролық_келіссөздеріндегі_рөлі_үшін_алғыс_айтты
Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі Тәжікстанда «Азия жүрегі» конференциясы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 30, 2021 14:30 Asia/Almaty
  • Зариф Қазақстанға Иранның ядролық келіссөздеріндегі рөлі үшін алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі Тәжікстанда «Азия жүрегі» конференциясы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті.

Осы кездесуде Қайрат Сарыбай ИИР-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аймақтық шараларына атсалысып, әріптестік жасап жатқанына алғыс айтып, осы кеңестің күн тәртібіндегі бағдарламалар, соның ішінде мүше елдер министрлерінің отырысын өткізу және мүше елдер басшыларының саммитын өткізу жоспарда тұрғанын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі мен мүше елдердің ынтымақтастығын нығайтуды қолдайтынын айтып, Қазақстанға Иранның ядролық келіссөздері мен «Астана үдерісі» қалыбында Сирия дағдарысын шешуге қатысты келіссөздерде маңызды рөл ойнағаны үшін алғыс айтты. «Астана үдерісі» Сирияға бейбітшілікті қайтаруда әсерлі болған жалғыз үдеріс саналады.