Теһранға Sputnik V вакцинасының бесінші топтамасы жіберіледі
Нау 31, 2021 11:46 Asia/Almaty
Ресейдің Sputnik V вакцинасының бесінші топтамасы бүгін Мәскеудегі Иран елшілігіне табыс етілді.
100 мың дозадан тұратын бесінші топтама ертең, бейсенбі Mahan әуе компаниясының ұшағымен Теһранға жеткізіледі. Осы уақытқа дейін Иранға Sputnik V вакцинасының 410 мың дозасы жіберілді. Бесінші топтаманы қосқанда Иранға жөнелтілген вакцина дозасы жарты миллионнан асты.