Иран, Тәжікстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері үшжақты отырыс өткізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51506-Иран_Тәжікстан_мен_Ауғанстан_Сыртқы_істер_министрлері_үшжақты_отырыс_өткізді
Саяси-экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынас деңгейін жоғарылатудың ең әсерлі жолдарының бірі – елдер арасындағы ортақтықтар, әсіресе ортақ мәдениет, тіл, әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерге иек арту.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 31, 2021 12:54 Asia/Almaty
  • Иран, Тәжікстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері үшжақты отырыс өткізді

Саяси-экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынас деңгейін жоғарылатудың ең әсерлі жолдарының бірі – елдер арасындағы ортақтықтар, әсіресе ортақ мәдениет, тіл, әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерге иек арту.

Осы орайда Иран, Тәжікстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні Стамбұл үдерісі қалыбындағы "Азия жүрегі" атты тоғызыншы конференция аясында үшжақты отырыс өткізіп, сұхбаттасты.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф осы отырыста парсытілді үш ел әріптестігінің аймақта тұрақтылық орнатып, интеграция қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтіп, Иранның белгілі бір бағдарлама аясында мәдени әріптестікті бастауға дайын екенін мәлімдеді.

Тәжікстан мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері де Иранның бай мәдениетіне тоқталып, үш елдің мәдени ортақтықтарын аймақтық интеграцияның айқын үлгісі деп атап, ежелгі мейрам Наурыз рәсімдерін санамалап, үш ел арасында орындала алатын ортақ мәдени бағдарламаларды ұсынды.

Иран, Тәжікстан мен Ауғанстанның тарих, мәдениет, тіл мен дін тұрғысынан ортақтықтары көп. Наурыз мейрамы, ортақ әдебиет пен парсытілді ұлы ақындарға деген махаббат үш ел халықтары арасында терең байланыс орнатты. Бұл байланыс ирандық-исламдық мәдениет аясында ұлттық болмысты сақтай отырып дамуда.  

Аймақтағы парсытілді үш мемлекет жалпы 300 млн-ға жуық адамға ие бола отырып,  бір ұйым қалыбында мәдениет, ғылым мен білім салаларында байланыс орнатып, ынтымақтастық деңгейін арттыра алады.  

Бұл үдеріс саяси-экономикалық іс-шараларға жағдай жасап қана қоймайды, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ осы интеграция аясында лаңкестікпен күрес және есірткі контрабандасы саласында бірлесе әрекет етуге болады.  

Парсы тілі мен әдебиеті ұстазы Немат Иранзаде осы мәселеге басқа қырдан қарап: "Парсы тілінің аясы осы үш елмен шектеліп қалмайды. Өзбекстан мен Түркіменстан және Орта Азияның басқа елдерінің белгілі бір аудандарында және Кашмир мен Пәкістанның бір бөлігінде парсы тілін қолданатындар бар",-деді.

Тәжірибе көрсеткендей, көпжақты мәдени интеграция негізінде қалыптасқан кез келген ынтымақтастық ортақ мүдделерге сай келеді. Бұл әріптестік басқа салаларға да тарала алады. Шын мәнінде осы үш ел қарым-қатынас деңгейін жоғарылатып, тіпті парсытілділердің аймақтық ұйымын құру әлеуетіне ие деп айтуға болады.