Сәу 05, 2021 01:27 Asia/Almaty
  • Зариф Ұлыбритания Сыртқы істер министрімен кеңесті

Иран Сыртқы істер министрі британдық әріптесімен телефон арқылы бірлескен комиссияның Венада өтетін отырысы туралы сұхбаттасты.

Зариф мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі сенбі күнгі сұхбатта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы өзгерістер, әсіресе бірлескен комиссияның Венада өтетін отырысына қатысты мәселелерді  талқылады.  

Иран Сыртқы істер министрі осы сұхбатта АҚШ-тың заңсыз әрі әділетсіз санкцияларын толық жою қажеттігін, олардың жойылғанын ИИР жағы тексеріп, растауы тиістігін айтып: «Сонда ғана Иран өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,-деді.  

Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше еуропалық елдерді осы келісімдегі міндеттемелеріне құрметпен қарап, Вена отырысында сындарлы ұстаным білдіруге шақырды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта: «Ұлыбритания келіссөздің сәтті өтуіне бар күшін салады»,-деді.

Қос тарап осы сұхбатта екіжақты саяси және консулдық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тегтер