Зариф Ташкентдегі исламдық өркениет орталығын аралады
Сәу 05, 2021 16:18 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Ташкентдегі исламдық өркениет орталығын аралады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні: «Ташкентдегі исламдық өркениет орталығының салынуы исламдық сенімдерге сүйенудің артуына себеп болып, экстремизммен күрес жолында исламды қатігез дін деп қабылдаудан алшақтауға септігін тигізеді»,-деді.
Ташкентдегі исламдық өркениет орталығының басшысы Шахазим Мунаваров орталықты ашудағы мақсаттың исламдық туындыларды сақтау және тарату, сондай-ақ әлемнің түкпір‑түкпірінен келген зерттеушілерге қызмет көрсету деп атады.
Орталықта исламдық еңбектер топтастырылған бай кітапхана бар.
Тегтер