Ирандық фильм Гонконг кинофестивалінде топ жарды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i51788-Ирандық_фильм_Гонконг_кинофестивалінде_топ_жарды
"Үнсіз дала" атты ирандық фильм Гонконг кинофестивалінде екі жүлде алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 12, 2021 11:52 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Гонконг кинофестивалінде топ жарды

"Үнсіз дала" атты ирандық фильм Гонконг кинофестивалінде екі жүлде алды.

45-ші Гонконг кинофестивалі 1-12 сәуір аралығында өтті. Биыл коронавирустың таралуына байланысты шетелден қонақ шақыруға мүмкіндік болмады.

Осы кинофестивальдің ең үздік фильм жүлдесі Ахмад Бахрамидің режиссерлігімен түсірілген "Үнсіз дала" атты ирандық фильміне, ал ерлер арасында ең үздік әртіс жүлдесі осы фильмде рөл сомдаған Әли Бағериге табыс етілді.

"Үнсіз дала" атты ирандық фильмде бірнеше жанұядағы күрделі қарым-қатынас пен жұмыс жағдайының ауырлығы баяндалған.