Рухани: Иран үшін Түркиямен қатынас аса маңызды
Иран Президенті көршілес мұсылман ел ретіндегі Түркиямен шынайы достық қарым-қатынасты Иран үшін аса маңызды деп атап, осы елмен саяси-экономикалық және сауда-саттық салаларында байланысты кеңейту және тереңдету қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасып, осы ел үкіметі мен халқын Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Теһран мен Анкараның аймақтық және халықаралық мəселелер, соның ішінде "Астана үдерісі" аясында Сирия дағдарысын шешудегі əріптестігіне тоқталып, оның жалғаса түсу қажеттігін айтып: "Аймақтағы маңызды да ықпалды екі ел Иран мен Түркияның ынтымақтастығы аймақтық қиыншылықтар мен дағдарыстарды шешуде əсерлі бола алады",-деді.
Түркия Президенті осы телефон арқылы сұхбатта Иран үкіметі мен халқын Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Анкараның Иранмен достық қарым-қатынасты кеңейту және тереңдету үшін мықты ерік-жігерге ие екен баса айтты.